Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ZOOM платформасы арқылы жер сілкінісі тақырыбында онлайн дәріс өтті
06
апрель
2026

ZOOM платформасы арқылы жер сілкінісі тақырыбында онлайн дәріс өтті

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының (ГНМЦНТО) тәрбие жұмысы бөлімі ұйымдастыруымен жоспарланған конференция аясында ZOOM платформасы арқылы жер сілкінісі тақырыбында онлайн дәріс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға табиғи апаттардың бірі – жер сілкінісі туралы түсінік беру, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру және сақтық шараларын үйрету.

Дәріс барысында жер сілкінісінің пайда болу себептері, оның салдары және қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, оқушыларға төтенше жағдайда өзін дұрыс ұстау, қауіптің алдын алу және алғашқы әрекеттер алгоритмі түсіндірілді.

Аталған онлайн дәріс оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайларға дайын болуына ықпал етті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: