Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2026

«Біз таңдаған кітаптар» сынып сағаты

2026 жылдың 13 ақпан күні 1–11 сынып оқушыларына сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тәрбие бағытындағы сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары келесі тақырыптар бойынша жүргізілді:

  1. «Біз таңдаған кітаптар» 
  2. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) 
  3. «КӨМЕК» жобасы (10 минут) 
  4. Буллингтен қорған «ДОСБОЛLIKE» (10 минут) 

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту және буллингтің алдын алу.

Сынып сағаттары барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты. Қауіпсіздік сабағында күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. «КӨМЕК» жобасы аясында бір-біріне қолдау көрсету, жанашырлық таныту мәселелері қарастырылды. Ал «ДОСБОЛLIKE» бағыты бойынша оқушыларға буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынас пен өзара сыйластықтың маңызы түсіндірілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: