Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
апрель
2026

Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі

     2026 жылдың 16 сәуір күні мектепте салауатты өмір салтын насихаттау және буллингтің алдын алу мақсатында Қазақстандағы танымал спорт менеджері, кәсіпкер және аралас жекпе-жек (MMA) саласының өкілі Нұрбек Қарабала шақырылып, оқушылармен ашық форматта мазмұнды әрі ерекше кездесу ұйымдастырылды.

     Іс-шара барысында қонақ өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы еңбекқорлық, табандылық, тәртіп пен мақсатқа ұмтылудың маңыздылығы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, білім алудың, спортпен айналысудың және уақытты тиімді пайдаланудың маңызын түсіндірді.

     Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың өмірге деген құлшынысын арттыру, білімге қызығушылығын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген ынтасын дамыту болды.

     Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Кездесу жастарға үлкен мотивация сыйлап, олардың бойында жауапкершілік, табандылық және биік мақсаттарға ұмтылу қасиеттерін қалыптастыруға оң ықпал етті.

Аталған іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: