Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Арманнан – мақсатқа: бала болашағын бірге жоспарлайық
17
апрель
2026

Арманнан – мақсатқа: бала болашағын бірге жоспарлайық

2026 жылдың 17 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте «Арманнан – мақсатқа: бала болашағын бірге жоспарлайық» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың мақсаты – ата-аналармен бірлесе отырып, оқушылардың 3-тоқсан қорытындысын талдау, оқу жетістіктері мен тәртібін саралау, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру, алдағы емтихандарға дайындық бойынша ақпарат беру және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру болды.

Жиналыс барысында 3-тоқсан қорытындысы таныстырылып, оқушылардың оқу жетістіктері, үлгерімі, білім сапасы, тәртібі және сабаққа қатысуы жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар ата-аналарға оқушылардың алдағы оқу кезеңіндегі міндеттері түсіндірілді.

Келесі кезекте болашақ мамандық таңдауға бағыт беру мәселесі қарастырылып, оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау, кәсіби бағдар беру жұмыстары және бұл бағыттағы ата-ананың рөлі туралы айтылды.

Жиналыста алдағы емтихандарға дайындық жұмыстары, емтихан кестесі мен талаптары түсіндіріліп, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жолдары ұсынылды.

Сондай-ақ тәрбие жұмыстары мен қауіпсіздік мәселелері бойынша жол қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылардың қауіпсіздігі, бос уақытын пайдалы өткізу, лагерьлерге қатысу, үйірмелер мен қосымша білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Аталған жиналыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: