Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2026

Ерлікке тағзым – елге құрмет

2026 жылдың 6 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Отан қорғау – ерлік пен намыс ісі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және ел қорғаған батырлардың ерлігін үлгі ету болды.

Мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, запастағы подполковник Кусаинов Сатбалды Токтарбаевич қатысып, оқушыларға тағылымды әңгіме айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқып, көркем қойылымдар арқылы батырлардың ерлігін насихаттады.

Аталған іс-шараға 1–7 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: