08
май
2026
«Мейірімді қақпақтар» – игі іске бастар жол
2026 жылдың 8 мамыр күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде «Мейірімді қақпақтар» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және қайырымдылыққа деген жанашырлық сезімін арттыру болды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары пластикалық қақпақтарды белсенді түрде жинап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Жиналған қақпақтар Әуезов ауданының комьюнити орталығына тапсырылды.
Аталған акция оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.
Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
