28
апрель
2026
Суды үнемде – болашақты сақта
YouTube форматында «Суды үнемде – болашақты сақта» атты ауқымды жоба аясында суды тиімді пайдалану және үнемдеу тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, судың маңыздылығын түсіндіру және табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға тәрбиелеу болды.
Жоба барысында оқушылар су ресурстарын сақтау туралы бейнероликтер дайындап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар суды үнемдеудің жолдары талқыланып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәселелері көтерілді.
Аталған іс-шара оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғауға деген көзқарасын қалыптастыруға оң ықпал етті.
