23
апрель
2026
Таза Қазақстан: Мейірімді Қақпақтар Акциясы
«Таза Қазақстан» акциясының аясында мектебімізде «Мейірімді қақпақтар» акциясы өтуде. 2026 жылдың 22 сәуір күні мектептің оқушылары пластикалық қақпақтарды белсенді жинап, экологияны қорғауға және қайырымдылық бастамаларды қолдауға өз үлестерін қосты. Бұл акцияның мақсаты - экологиялық мәселелерге назар аудару, қағаз және пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын жобаларды қолдау.
Акция барысында жиналған қақпақтар Әуезов ауданының комьюнити-орталығына тапсырылды. Оқушылар, ұстаздар, және ата-аналар бірлесе отырып, әрқайсысы өз мүмкіндіктерін пайдаланып, экология мен қоғам үшін пайдалы істер атқаруға үлес қосты.
Барлық қатысушыларға, белсенділік танытып, мейірімділік танытқандары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Біз бірге әлемді таза, жасыл әрі мейірімді ете аламыз!