Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Діни сауаттылық – рухани қауіпсіздік кепілі» тақырыбындағы дәріс
13
май
2026

«Діни сауаттылық – рухани қауіпсіздік кепілі» тақырыбындағы дәріс

2026 жылдың 13 мамыр күні 9-сынып оқушыларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Діни сауаттылық – рухани қауіпсіздік кепілі» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қоғамда кездесетін теріс діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу бағытында түсінік беру болып табылады. Дәріс барысында оқушыларға діни білімнің дұрыс көздерін таңдау, ақпараттық қауіпсіздік, рухани тұрақтылықты сақтау және зайырлы қоғам қағидаттарын ұстанудың маңызы туралы жан-жақты түсіндірілді.

Сабақ барысында өмірден алынған мысалдар келтіріліп, оқушылармен пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды түрде өтті.

Аталған дәрісті тарих пәнінің мұғалімі Мукушева Ақбота Серікпекқызы өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: