Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2026

«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы

2026 жылдың 20 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында «Әке болу – ұлы міндет, асыл мақтаныш!» тақырыбында әкелер форумы өткізілді.

Форумның мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін насихаттау, бала тәрбиесіндегі әке жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Іс-шара барысында әкелер тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орны туралы мазмұнды пікірлер айтылып, қатысушылар арасында еркін ой алмасу ұйымдастырылды.

Форумға арнайы қонақтар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті:
 • Саят Қамшыгер — ақын, аудармашы, педагог, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
 • Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы — «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, PhD докторы.

Қонақтар әке тәрбиесінің қоғамдағы маңызына тоқталып, балаға үлгі болудың, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Аталған форумды бастауыш сынып мұғалімдері Мырзатаева Бахытгүл, Есмурза Айтгүл және Баекенова Светлана ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті. 

https://www.instagram.com/reel/DYjlecRojNw/?igsh=cHRiNGFrYm11azU1

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: