Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2026

Қайырымдылық – жүрек жылуы

2026 жылдың 18 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында 9 «Ә» сынып оқушыларының және ата-аналарының қатысуымен балалар үйіне қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық секілді адамгершілік құндылықтарды сіңіру, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау болды.

Шара барысында балаларға киім-кешек, тәттілер мен түрлі сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Оқушылар балалармен еркін әңгімелесіп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.

Аталған қайырымдылық шарасы оқушылардың бойында үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шараны сынып жетекшісі Маханбетова Махаббат Нургельдиевна ұйымдастырды.

Осындай тәрбиелік маңызы зор шараға белсенді қатысқан ата-аналарға, оқушыларға және ұйымдастырушы сынып жетекшісіне алғыс білдіреміз.

https://www.instagram.com/reel/DY36omMIPTR/?igsh=MWs3dXV4c3lwY3J2bw==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: