Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ» бағыттары аясында оқушылармен мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды.
10
ноябрь
2025
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ»
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ» бағыттары аясында оқушылармен мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында балалар адалдықтың мәнін, өз қауіпсіздігін сақтау ережелерін, қаланы таза ұстаудың маңызын және жол қозғалысы ережелерін талқылап, күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларын жетілдірді. Мақсат — саналы, жауапты, қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеу. Сынып жетекшілерінің еңбегіне және оқушылардың белсенділігіне алғыс айтамыз!
Кәсіби бағдар беру жұмысы:SDU университеті
07
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы:SDU университеті
№122 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беруші Қалыбек Аружан Мақсұтқызы және Сүлеймен Демирел университетінің өкілі Аяулым Әбілда 10–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет туралы толыққанды ақпарат беріліп, білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктер және студенттік өмір жайлы қызықты мәліметтер ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қатысты құнды кеңестер алды. Осындай кездесулер жас түлектердің
Кәсіби бағдар беру жұмысы:Кәсіби бағдар – болашақтың кілті! 🔑
03
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы:Кәсіби бағдар – болашақтың кілті! 🔑
 9-сынып оқушыларына арналған «XXI ғасыр мамандықтары және заманауи қоғамның жаңа талаптары» тақырыбында ақпараттық-презентациялық сабақ өткізді. Сабақ барысында: * заманауи әрі болашағы бар мамандықтар туралы мәлімет берілді; * ең көп сұранысқа ие кәсіби бағыттар таныстырылды. Сабақтың мақсаты – оқушыларды болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағытқа бағдарлау, саналы шешім қабылдауға ықпал ету. https://www.instagram.com/p/DQl5ZZZDMTg/?igsh=MTdiMGJhYzBrZmN4MQ==
Кәсіби бағдар беру жұмысы:Мансап компасы платформасы
20
октябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы:Мансап компасы платформасы
Мансап компасы платформасы Мансап компасы – оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесетін кәсіби бағдарлау платформасы. Платформа арқылы оқушылар өз қызығушылығы мен қабілеттерін анықтап, мамандықтар туралы ақпарат алады.
Кәсіби бағдар беру жұмысы: Диагностикалық тест
13
октябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы: Диагностикалық тест
 Оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, әр оқушыға жеке талдау жасалып, оның қай мамандыққа бейім екені анықталды. Сонымен қатар, таңдалған мамандық бойынша білім беретін 10 қазақстандық және 10 шетелдік жоғары оқу орны туралы ақпарат ұсынылды. Бұдан бөлек, алдағы уақытқа арналған жеке даму жоспары мен дамыту қажет қабілеттер бойынша ұсыныстар берілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысы: «Болашаққа жол: дұрыс мамандық таңдаудың сырлары»
13
октябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы: «Болашаққа жол: дұрыс мамандық таңдаудың
Бүгін мектебімізде кәсіби бағдар беруші Қалыбек Аружан Мақсұтқызы 11 «А» және 11 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Болашаққа жол: дұрыс мамандық таңдаудың сырлары» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме сабақ өткізді. Сабақ барысында: * сұранысы жоғары және сұранысы төмен мамандықтар тізімі таныстырылды; * Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен олардың шекті балдары туралы мәлімет берілді; * биылғы түлектерге қатысты статистикалық деректер көрсетілді; * оқушылар өз қабілеттері мен
БРАКЕРАЖДЫ КОМИССИЯ-2025
08
октябрь
2025
БРАКЕРАЖДЫ КОМИССИЯ-2025
2025 жылғы «08» қазанда бракеражды комиссия тарапынан ас блогының жұмысына жоспарлы тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында тағам өнімдерінің сапасы, сақтау жағдайлары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және дайын тағамдардың технологиялық карталарға сәйкестігі қаралды. Комиссия мүшелері тағамдардың сыртқы түрін, иісін, дәмін, консистенциясын бағалап, азық-түліктердің жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын тексерді. Ас блогының тазалығы, қызметкерлердің санитарлық киіммен
Дене шынықтыру жаттығулары – денсаулық кепіл
09
сентябрь
2025
Дене шынықтыру жаттығулары – денсаулық кепіл
Дене шынықтыру жаттығулары – денсаулық кепілі! Оқушылардың денсаулығын нығайту, сергектігін арттыру мақсатында дене шынықтыру жаттығуларын өткізу тұжырымдамасы негізінде күнделікті жаттығулар ұйымдастырылуда. Дене жаттығулары – оқу күні басталмас бұрын жасалып, балалардың көңіл-күйін көтеріп, сергек әрі белсенді болуына септігін тигізуде.