Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қауіпсіздік сабақтары
27
декабрь
2024
Қауіпсіздік сабақтары
1-11 сынып оқушылар арасында қысқы мезгілде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, су, мұзға және пиротехникалық құралдарды қолдануға қатысты келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында барлық сыныптарда қауіпсіздік сабақтары өтілді. https://www.instagram.com/share/p/BBSFmgfkxO
Ауданның  мектеп директорларына арналған семинар өтті
25
декабрь
2024
Ауданның мектеп директорларына арналған семинар өтті
2024 жылдың 25 күні «Құндылықтар арқылы білім беру. Ұлттық сана және мұғалім миссиясы» атты Әуезов ауданының мектеп директорларына арналған семинар өтті. https://www.instagram.com/share/reel/_tNsYo6fm
Жаңа жыл құтты болсын!
24
декабрь
2024
Жаңа жыл құтты болсын!
24 желтоқсан күні мектеп оқушыларына Жаңа жылдық мерекеге орай шырша тойы өтті. https://www.instagram.com/share/reel/BBPsMaQLcL
ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ – ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ
19
декабрь
2024
ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ – ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ
ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ – ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ 2024 жылдың 18 желтоқсан күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты:  Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін
“Кім жылдам?” мақал-мәтел сайысы
13
декабрь
2024
“Кім жылдам?” мақал-мәтел сайысы
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарына сай көңілді үзілістер жалғасын табуда. Үзіліс кезінде оқушылардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру мақсатында “Кім жылдам?” мақал-мәтел сайысы өтті.  Жас ерекшелігіне қарамай барлық оқушылар атсалысып, сыйлықтарға ие болды.  Ойынның мақсаты оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, мақал- мәтелдерді айтуға, мақал мен мәтелді ажыра білуге үйрету.  Пән мұғалімі: Абдибай Айгерім Ағабекқызы
"Әкем, шешем және мен" отбасылық эстафеталық сайыс
12
декабрь
2024
"Әкем, шешем және мен" отбасылық эстафеталық сайыс
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 3 "А" сыныбында "Әкем, шешем және мен" отбасылық эстафеталық сайыс өткізеді.  Сайысқа Сералиевтар отбасы, Космаиловтар отбасы, Маркабаевтар отбасы, Сулейменовтар отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты: Денсаулығын нығайтуға қызығушылығын арттыру.Ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Сайыс соңында жеңіске жеткен  "Бірлік тобы" Сералиевтар отбасылық командасы болды.  Құнды әрі танымдық бағытта құрылған жарыс өте қызықты өтті.  Сынып
“Мен гүлден де нәзікпін” атты ақынмен кездесу кеші
12
декабрь
2024
“Мен гүлден де нәзікпін” атты ақынмен кездесу кеші
Желтоқсан айының 10 жұлдызында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында сыныптан тыс іс-шара ретінде Айгерім Ағабекқызының ұйымдастыруымен “Мен гүлден де нәзікпін” атты ақынмен кездесу кеші өтті. Кездесудің қонағы ақын, журналист, тілші, бірнеше жыр жинақ кітаптарының авторы Ақгүл Айдарбекқызы.  Іс-шараның мақсаты: оқушыларды өлеңді сүйіп оқуға, шығармашылықтарын шыңдауға, өлең шығарып ақындық қабілеттерін ашуға, тіл байлықтарын дамытуға бағытталған. Кездесу кешінде ақынның
“Қазақ қызы: кеше және бүгін” тақырыбында аналармен тренинг
12
декабрь
2024
“Қазақ қызы: кеше және бүгін” тақырыбында аналармен тренинг
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі онкүндігі жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12-і желтоқсан күні мектебімізде “Қазақ қызы: кеше және бүгін” тақырыбында аналармен тренинг өтті. Тренингке 27 ана қатысып , түрлі тапсырмаларды орындады. “ Аналар “Қыз Жібек”, “Ақжүніс” , “Еңлік” топтарына бөлінді.  “Келіңіз, танысайық!” атты кезеңде өздері, қыздары туралы таныстыру болды. “Сіз қандай анасыз?” тақырыбындағы анкеталық сұраққа жауап берді. “ХХ -ХХІ ғасыр қыздарының айырмашылығы мен ерекшеліктері” туралы