Таза қала, қауіпсіз орта, еңбекқор ұрпақ
2026 жылдың 6 сәуір күні 1–10 сынып оқушыларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Сынып сағаттары келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- «Еңбекқор ұрпақ – жарқын болашақ»
- Қауіпсіздік сабағы (10 минут)
- «Алматы – таза қала» бағдарламасы (10 минут)
- «Жол қауіпсіздігі» (10 минут)
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және жол қозғалысы ережелерін түсіндіру.
Сабақ барысында оқушыларға еңбекқорлықтың маңызы, адал еңбектің қоғамдағы орны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздік сабағында мектептегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері таныстырылды. «Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениет, тазалық сақтау мәселелері талқыланды. Ал «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

