21
апрель
2026
Таза Қазақстан: салауатты өмір салтына қадам
2026 жылдың 21 сәуір күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ» атты жалпы қалалық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған акцияға мектеп оқушылары белсене қатысып, бір мезетте сергіту сәті ретінде дене жаттығуларын орындады.
Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, сондай-ақ жастар арасында зиянды әдеттердің, соның ішінде нашақорлықтың алдын алу. Сонымен қатар, қоғам назарын осы өзекті мәселеге аудару және өскелең ұрпақты спортқа, белсенді өмір салтына баулу көзделді.
Мұндай шаралар жас буынның бойында жауапкершілік пен дұрыс өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға, дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосады.
https://www.instagram.com/reel/DXYgpgGDXN0/?igsh=NzU4b2p1ODFxeW00