27
апрель
2026
Бірлік пен тәрбиеге негізделген сынып сағаттары
2026 жылдың 27 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары келесі тақырыптар бойынша жеке-жеке ұйымдастырылды:
- «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» – 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне және педагог, қоғам қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына орай өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға еліміздегі ұлттар достығы, бірлік пен татулықтың маңызы түсіндіріліп, Ахмет Жұбановтың өмірі мен еңбегі туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар өзара құрмет, толеранттылық және рухани құндылықтар насихатталды.
- Қауіпсіздік сабағы (10 минут) – оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, мектепте және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау дағдылары түсіндірілді.
- «КӨМЕК» жобасы (10 минут) – оқушылар арасында жанашырлық, өзара көмек көрсету және қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
- Құқықтық білім беру (10 минут) – оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Аталған сынып сағаттары мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
