Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2026

Ән ғұмырдың иесі

2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында көрнекті ақын, композитор, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық өнер мен әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және рухани-эстетикалық тәрбие беру болды.

Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтермен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар композитордың әндері орындалып, шығармашылық мұрасы туралы пікір алмасу жүргізілді.

Сынып сағатын сынып жетекшілері Еркімбай Айдана Еркімбайқызы, Боранкулова Манат Кенесовна және Асан Гүлденай Ерболатқызы ұйымдастырып өткізді.

Сынып сағаты оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, өнер мен әдебиетке қызығушылығын дамытуға ықпал етті.

Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті.

https://www.instagram.com/reel/DYRjm-ZIcV3/?igsh=cnQ1NGpnOTlnM3h6

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: