«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында сынып сағаты
2026 жылдың 20 сәуір күні 1–11 сынып оқушыларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие бағыты бойынша сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылып, түрлі мамандықтардың маңызы, еңбекке құрмет және болашақ кәсіп таңдаудың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы аясында оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, мектептегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.
«Алматы – таза қала» бағдарламасы бойынша қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қалаға жанашырлықпен қарау мәселелері түсіндірілді.
«Профориентация» бағыты бойынша оқушыларға мамандық таңдауда қызығушылық пен қабілетті ескеру, болашаққа дұрыс бағдар жасау жөнінде ақпарат берілді.
Аталған сынып сағаттары мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға оң ықпал етті.

