Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2026

«Заң мен тәртіп – қоғам негізі» сынып сағаты

2026 жылдың 25 мамыр күні 1–11-сынып оқушыларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттарының мақсаты – білім алушылардың Конституция туралы білімдерін тереңдету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін арттыру болды.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіптің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында пікір алмасу, сұрақ-жауап және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды.

Сынып сағаттары барысында оқу жылы бойы түрлі байқаулар мен жарыстарда жетістікке жеткен оқушылар марапатталып, олардың жетістіктері көпшілікке таныстырылды.

Сынып сағаттары оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіріп, ел заңына құрметпен қарауға, жауапкершілік пен тәртіпті сақтауға тәрбиелеуге бағытталды.

Аталған іс-шаралар мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: