Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ДУСИМБАЕВА МОЛДИР УСЕНОВНА
21
январь
2026
ДУСИМБАЕВА МОЛДИР УСЕНОВНА
ДУСИМБАЕВА МОЛДИР УСЕНОВНА 1984 жылғы  05 маусымда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2005 жылы  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін  (бакалавр) тәмамдаған. 2012 жылы  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде магистратурада білім алған. Мамандығы бойынша біліктілігі:  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,  гуманитарлық ғылымдар магистрі . Еңбек жолы: 2005–2006 жылдары Алматы облысы, Талғар ауданындағы  М.Әуезов атындағы №5 орта мектепте қазақ
Пилоттық жоба: ғылыми негіздегі кәсіби диалог
20
январь
2026
Пилоттық жоба: ғылыми негіздегі кәсіби диалог
Бүгін мектебімізде білім сапасын арттыруға бағытталған Пилоттық жоба аясында ұстаздармен ақылдасу сабағы өтті. Іс-шара жобаның авторы, педагогика ғылымдарының өкілі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім беру сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негіздері, жобаны мектеп тәжірибесіне тиімді енгізу жолдары және басқаруда басшылыққа алынатын ұстанымдар кеңінен талқыланды.Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы мырза өз тұжырымдамасы мен әдістемелік көзқарасын ортаға
Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры
19
январь
2026
Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры
Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры. Бүгін «Тіл – ұлт айнасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі өз жұмысын бастады. Іс-шара ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, сөз өнерінің құндылығын дәріптеуге және ұлттық сананы нығайтуға бағытталған. Онкүндік барысында тіл мен әдебиетке қатысты мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріледі. Ана тілімізді ардақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар
15
январь
2026
Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар
    «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында педагог-психолог Жанар Атагельдиевна 4-сынып оқушыларымен, Рәбина Қобланқызы 7-8-9-10 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу ұйымдастырды. Жаттығудың мақсаты – балалардың бір-біріне деген мейірімділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту, өз сезімдерін танып, дұрыс жеткізе білуге үйрету.    Жаттығу барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырды. «Өрмекші торы» арқылы балалар өзара байланысты, достық пен
Оқушы жетістігі
14
январь
2026
Оқушы жетістігі
"Қарызсыз қоғам" медиа жоспарына сәйкес орта білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында "Отбасылық бюджет баланың көзқарасымен" тақырыбында қалалық сурет байқауынан мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Ерғалиұлы Нұриман ІІІ-дәрежелі дипломмен және  8 "Б" сынып оқушысы Қуанышбек Алихан  ІІІ-дәреелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!  Пән мұғалімі: Арапов А.Ж.
Білімге қадам: 9 "А" және 10"Ә" сынып оқушыларының "Білім" көрмесіне сапары
13
январь
2026
Білімге қадам: 9 "А" және 10"Ә" сынып оқушыларының "Білім" көрмесіне
Мектебіміздің 9 "А" және 10 "Ә" сынып оқушылары Республикалық физика - математика мектебінде өткен "Білім" көрмесіне қатысты. Аталған іс-шара барысында оқушылар республика көлеміндегі білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары, білім беру бағыттары, сондай - ақ болашақ мамандықтарға бағдар беру мәселелері бойынша маңызды ақпараттармен танысты. 
ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢ!
13
январь
2026
ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢ!
2026 жылдың 13 қаңтар күні Әуезов ауданының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы Мадина Серікқызы  оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында "Тәртіп және заң!" профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, сыныптағы және мектеп аумағындағы тәртіпті бұзбау, бөгде заттар алып келмеу, бір-біріне құрметпен қарау сияқты маңызды талаптар жан-жақты түсіндірілді.  Сонымен қатар инспектор