Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бракеражды комиссия 27.02.2026ж
27
февраль
2026
Бракеражды комиссия 27.02.2026ж
2026 жылдың «27» ақпанында мектеп асханасында бракеражды комиссия отырысы өткізілді. Комиссия құрамында мектеп әкімшілігі мен жауапты мамандар қатысты. Тексеру барысында дайындалған тағамдардың сапасы, дәмі, иісі, сыртқы түрі және санитарлық талаптардың сақталуы қаралды. Тағамдардың сапасы талапқа сай екені анықталды.
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында рухани кездесу
27
февраль
2026
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында рухани кездесу
      Рухани кездесу: Саят Қамшыгер шығармашылығы – кітап пен кино кеңістігінде        Мектептебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Балалар кітапханасы” жобасын жандандыру мақсатында мазмұнды әдеби-танымдық сыр-сұхбат кеші өтті.      Кештің құрметті қонағы – ақын, аудармашы, педагог, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет және ақпарат салаларының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер. Кездесу барысында қаламгердің шығармашылық жолы,
Республикалық форум
27
февраль
2026
Республикалық форум
          27.02.2026ж. Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Психологиялық қолдау орталығы» өткізген «Заң мен тәртіп. PSYTALKS: Жасанды интеллект дәуірінде балалардың психологиялық әл-ауқаты» атты республикалық форумға мектеп директоры Мөлдір Үсенқызы және педагог-психолог Рәбина Қобланқызы қатысты.          Бұл іс-шара – бүгінгі қоғам үшін аса маңызды тақырыпты көтерген, мазмұны терең, ой саларлық алаң болды. Жасанды интеллект дамыған заманда балалардың психологиялық саулығын сақтау,
Алғыс айту – асыл қасиет
27
февраль
2026
Алғыс айту – асыл қасиет
Алғыс айту күні – 1 наурыз мерекесіне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ризашылық білдірудің маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, алғыс айту арқылы мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу. Мерекелік кеш барысында оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, сахналық көріністер қойып, жүрекжарды алғыс сөздерін білдірді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып,
«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы
26
февраль
2026
«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы
Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу (вандализм, қоғамдық мүлікті қорғау) мақсатында «Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы аясында 7 «А» сынып оқушыларымен алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қоғамдық мүліктің маңызын түсіндіру, вандализмнің қоғамға тигізер кері әсерін ұғындыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру. Жоба барысында 7 «А» сынып оқушылары тақырыпқа байланысты мазмұнды видеоролик әзірледі.
Оқушы жетістігі
25
февраль
2026
Оқушы жетістігі
2026 жылдың 25 ақпан күні қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында “Ана - өмірдің гүлі” атты қалалық ән байқауының аудандық кезеңін өткізді. Байқауға мектебіміздің  1-4 сыныптар арасынан 1 “Б” сынып оқушысы Балтабек Раяна мен  5-8 сынып арасынан 7 “А” сынып оқушысы Балтабек Айзере қатысты. Нәтижесінде екі оқушымыз да жүлделі 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!