Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры
Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры. Бүгін «Тіл – ұлт айнасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі өз жұмысын бастады. Іс-шара ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, сөз өнерінің құндылығын дәріптеуге және ұлттық сананы нығайтуға бағытталған. Онкүндік барысында тіл мен әдебиетке қатысты мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріледі. Ана тілімізді ардақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз.