Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
апрель
2026

Арт-терапия: жан тыныштығы мен шабыт көзі

      «Жас педагог: Ізденіс, жаңалық, жетістік» атты жас педагогтер апталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 24 сәуір күні мектебімізде «Өзімді тану» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өткізілді.

      Іс-шараның мақсаты – педагогтердің эмоционалдық жағдайын жақсарту, шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі тану мен рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру болды.

      Іс-шара барысында мұғалімдер шығармашылық тапсырмалар орындап, сурет салу арқылы өздерінің ішкі сезімдері мен ой-толғаныстарын бейнеледі. Сонымен қатар қатысушылар өз көңіл күйі мен кәсіби ахуалын 10 балдық шкала арқылы бағалап, өзін-өзі тану және өзіндік талдау жүргізді.

     Тренинг барысында педагогтер еркін пікір алмасып, психологиялық серпіліс алып, жағымды эмоциялық күйге бөленді. Арт-терапиялық жұмыс қатысушылардың өз-өзін бағалауына, ішкі ресурстарын тануына және кәсіби мотивациясын арттыруға оң ықпал етті.

Аталған іс-шара мазмұнды әрі тиімді деңгейде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: