Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2026

«Адал азамат» – тәрбие сағаттары

2026 жылдың 18 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына тәрбие бағытындағы сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды.

Сынып сағаттары барысында көрнекті ақын, композитор, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» тақырыбында танымдық жұмыстар жүргізіліп, қаламгердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.

Сонымен қатар «Қауіпсіздік сабағы» аясында оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау жолдары айтылды. «КӨМЕК» жобасы бойынша оқушыларға қолдау көрсету, қамқорлық пен мейірімділік құндылықтары насихатталды. Ал «Буллингтен қорған – ДОСБОЛLIKE» тақырыбында оқушылар арасында достық, сыйластық, буллингтің алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Аталған сынып сағаттары оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өткізілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: