Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы
26
февраль
2026
«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы
Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу (вандализм, қоғамдық мүлікті қорғау) мақсатында «Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы аясында 7 «А» сынып оқушыларымен алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қоғамдық мүліктің маңызын түсіндіру, вандализмнің қоғамға тигізер кері әсерін ұғындыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру. Жоба барысында 7 «А» сынып оқушылары тақырыпқа байланысты мазмұнды видеоролик әзірледі.
Оқушы жетістігі
25
февраль
2026
Оқушы жетістігі
2026 жылдың 25 ақпан күні қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында “Ана - өмірдің гүлі” атты қалалық ән байқауының аудандық кезеңін өткізді. Байқауға мектебіміздің  1-4 сыныптар арасынан 1 “Б” сынып оқушысы Балтабек Раяна мен  5-8 сынып арасынан 7 “А” сынып оқушысы Балтабек Айзере қатысты. Нәтижесінде екі оқушымыз да жүлделі 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!
«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» сынып сағаты
23
февраль
2026
«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» сынып сағаты
            2026 жылдың 23 ақпан күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі тақырыбы: «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік», сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай тағылымдық мазмұнда ұйымдастырылды.             Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру мақсатында танымдық ақпараттар берілді. Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен
Өнегелі 15 минут
20
февраль
2026
Өнегелі 15 минут
Апта бойынша жоспарланған тәрбиелік іс-шаралар аясында 6 «Б» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Ғабитқызы Гүлзаттың ұйымдастыруымен «Өнегелі 15 минут» атты тағылымды іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, әдептілік пен мәдениеттілікке баулу, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал ету. Сабақ барысында өнегелі әңгімелер айтылып, тәрбиелік мәні зор бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара мазмұнды,
«Таза бейсенбі» акциясы
19
февраль
2026
«Таза бейсенбі» акциясы
    «Тазалық – мәдениеттің көрінісі» тақырыбында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясы аясында 6 «Б» сынып оқушылары сынып бөлмесінде тазалық жұмыстарын жүргізді.      Іс-шара барысында оқушылар сынып ішін жинақтап, парталарды ретке келтіріп, тақта мен ортақ пайдаланылатын аумақтарды тазалап, ортақ кеңістіктің таза әрі жайлы болуына өз үлестерін қосты.     Аталған шара оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, ұқыптылыққа, тазалық сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға
«Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында тағылымды кездесу кеші
19
февраль
2026
«Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында тағылымды кездесу кеші
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 19 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның құрметті қонақтары — Ауған соғысының ардагері, “Жауынгер” қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, мемлекеттік “Ерлік үшін” медалінің иегері Жорабаев Асқар Абдалыұлы, сондай-ақ Алматы қаласы Әуезов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, подполковник Битикбаев
“Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз” аудандық байқау жеңімпазы
19
февраль
2026
“Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз” аудандық байқау жеңімпазы
2026 жылдың 19 ақпан күні  “Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз” жас педагогтердің VIII Республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.  Байқаудың мақсаты - жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық қызметін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне қарай жағдай жасау. Байқаудың міндеттері:  - талантты жас педагогтерді анықтау;  - ⁠педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;  - ⁠жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге
Талантты ұстаз – дарынды ұрпаққа жол ашады
18
февраль
2026
Талантты ұстаз – дарынды ұрпаққа жол ашады
2026 жылдың 18 ақпан күні «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Аталған іс-шара жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби шеберлігін шыңдауға және білім беру жүйесін дамытуға бағытталған маңызды алаң болып табылады. Байқауға мектебіміздің аға тәлімгері Руслан Елдана Русланқызы мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Төреханова Айбибі Нысанбекқызы  қатысып, өз білімдері мен жаңашыл идеяларын жоғары деңгейде көрсетті.