Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үздік жыл психологі-2026» республикалық байқауының жеңімпазы
17
февраль
2026
«Үздік жыл психологі-2026» республикалық байқауының жеңімпазы
Алматы қаласы Білім басқармасының “Психологиялық қолдау орталығы” КММ ұйымдастыруымен өткен «Үздік жыл психологі-2026» республикалық байқауының аудандық кезеңіне  мектебіміздің педагог-психологі Рәбина Қобланқызы қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі диплом иеленді. Құттықтаймыз!    
«ДОСБОЛLIKE» акциясы
17
февраль
2026
«ДОСБОЛLIKE» акциясы
            «Достықтың бастауы – ДОСБОЛLIKE» тақырыбында ұйымдастырылған «ДОСБОЛLIKE» акциясы аясында 6 «Б» сынып оқушылары бірлік пен сыйластықтың жарқын үлгісін көрсету мақсатында сыныппен бірігіп «достық алақанын» жасады.             Топтық жұмыстың негізгі мақсаты – өзара қолдау көрсету, буллингке жол бермеу, бір-біріне жылы лебіздер білдіру арқылы сынып ішінде жайлы әрі қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру болды. Оқушылар белсенділік танытып, достық пен ынтымақтың маңызын терең
Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар
16
февраль
2026
Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке
2026 жылдың 16 ақпан күні мектептің 9–11 сынып оқушыларына арналған «Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында республикалық біртұтас сынып сағаттары өткізілді. 1–8 сыныптарда – «Ауғанның отты жылдары – тарих беттеріндегі тағдыр» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сынып сағаты аясында: Қауіпсіздік сабағы (10 минут); «КӨМЕК» жобасы (10 минут); Буллингтің алдын алуға бағытталған «ДОСБОЛLIKE» тақырыбындағы сабақ (10 минут)
Эстафеталық спорттық жарыс өтті
14
февраль
2026
Эстафеталық спорттық жарыс өтті
2026 жылғы 14 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебімізде 2–4–5 сынып оқушылары арасында эстафеталық спорттық жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық бірлік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болды. Жарыс барысында оқушылар түрлі спорттық
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ 180 ЖЫЛ
13
февраль
2026
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ 180 ЖЫЛ
Жыр алыбы, эпик ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Листая страницы" атты аудандық сурет-иллюстрация байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты: білім алушыларды көркемдік-шығармашылық қызметке тарту үшін қолайы мотивациялық орта қалыптастыру, бейнелеу өнері саласындағы дарынды жас суретшілерге қолдау көрсету, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін, даралығы мен бастамашылдығын дамытуға ықпал ету. (10-12 жас) Зейнолда Аружан №202 МГ – Бас жүлде Борисов Амир №42 мектеп – І
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ
12
февраль
2026
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ
2026 жылдың 13 ақпан күні мектеп инспекторы М.С.Акимова "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп оқушыларына жол қозғалысындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Жолда жүру ережесін білу және сақтау - өз өміріміз бен айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. https://www.instagram.com/reel/DUsV-6jCFt-/?igsh=MWVzOHdqaW5mejE0OQ== 
Тағылымды фильм – әсерлі кездесу
11
февраль
2026
Тағылымды фильм – әсерлі кездесу
Бүгін 2«В», 3 «А»,3«А», 4 «Ә» сынып оқушылары «Тастамашы, ана!» фильмін тамашалап, тәрбиеге толы күн болды. Фильм арқылы мейірім, анаға деген құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы терең ой түйді. Сонымен қатар, ақын, жазушы-журналист және аудармашы Саят Қамшыгермен кездесуде  ашық әңгіме өрбіп, балалар өз ойларын еркін жеткізді. Бұл жүздесу олардың көңілінде жарқын әсер қалдырып, тәрбиелік мәні зор сәттерге айналды. https://www.instagram.com/reel/DUqFVjVDCtZ/?igsh=MXFtNjE5NXpsMmJ0bQ==
“Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойын жеңімпазы
11
февраль
2026
“Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойын жеңімпазы
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына және Ауған соғысының  ардагерлерінің ерліктерін еске алуға орай “Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойындарының аудандық кезеңінде жалпы командалық есепте мектебіміздің командасы 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Жигитов Ералы Рахымбердиевич. Құттықтаймыз!