Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ
21
январь
2026
Ашық сабақ
Бүгін 6 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімі Ғабитқызы Гүлзат жүргізді. Ашық сабақтың тақырыбы «Қазақстан көлдері» болды. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырып, берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз ойларын жүйелі жеткізе білді. Ашық сабақ мазмұнды, танымдық деңгейі жоғары және жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
Кәсіби бағдар беру
21
январь
2026
Кәсіби бағдар беру
Бүгін мектебімізде ЦАТЭК колледжінен Вахит-Хан Рафиковичтің қатысуымен кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар коледждің мамандықтары, оқу мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу жолдары туралы толық ақпарат алды.
Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар
15
январь
2026
Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар
    «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында педагог-психолог Жанар Атагельдиевна 4-сынып оқушыларымен, Рәбина Қобланқызы 7-8-9-10 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу ұйымдастырды. Жаттығудың мақсаты – балалардың бір-біріне деген мейірімділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту, өз сезімдерін танып, дұрыс жеткізе білуге үйрету.    Жаттығу барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырды. «Өрмекші торы» арқылы балалар өзара байланысты, достық пен
Оқушы жетістігі
14
январь
2026
Оқушы жетістігі
"Қарызсыз қоғам" медиа жоспарына сәйкес орта білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында "Отбасылық бюджет баланың көзқарасымен" тақырыбында қалалық сурет байқауынан мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Ерғалиұлы Нұриман ІІІ-дәрежелі дипломмен және  8 "Б" сынып оқушысы Қуанышбек Алихан  ІІІ-дәреелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!  Пән мұғалімі: Арапов А.Ж.
Тәртіп және заң!
12
январь
2026
Тәртіп және заң!
Әуезов ауданының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы Акимова Мадина Серікқызы  оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, сыныптағы және мектеп аумағындағы тәртіпті бұзбау, бөгде заттар алып келмеу, бір-біріне құрметпен қарау сияқты маңызды талаптар жан-жақты түсіндірілді.
Балалар кітапханасы
09
январь
2026
Балалар кітапханасы
Балалар кітапханасы жобасы аясында «Қысқы ертегілер» атты танымдық іс-шара өткізілді. Шара барысында балалар қыс мезгіліне арналған ертегілер мен қызықты шығармалармен танысты. Қатысушылар ертегі кейіпкерлерін сахналап, өлеңдер оқыды. Іс-шара балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, қиялы мен шығармашылық дағдыларын дамытуды мақсат етті.
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!
08
январь
2026
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!
            2026 жылдың 8 қаңтар күні  1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» акциясы аясында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері түсіндіріліп, адалдық пен әділдік құндылықтары насихатталды. Сонымен қатар, 10 минуттық қауіпсіздік сабағында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары туралы мәлімет берілді. «КӨМЕК» жобасы аясында өзара көмек көрсету, мейірімділік
Кәсіби бағдар беру жұмысы:Нархоз колледжі
25
декабрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы:Нархоз колледжі
Мектебіміздің 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру аясында NARXOZ колледжінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында колледжге түсуге қызығушылық танытқан оқушыларға оқу орнының ерекшеліктері, білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтары, колледж өмірі, студенттік өмірдің қызықтары, сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Аталған шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби қызығушылықтарын