Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
🏆 Құттықтаймыз!
10
март
2026
🏆 Құттықтаймыз!
10.03.2026 ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау салтанаты өтті. Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Амангелді Ажар «Өлкетану» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.  Бұл – табандылық пен ізденістің, білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!  Пән мұғалімі: Мукушева
«Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара
06
март
2026
«Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара
2026 жылдың 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – аналарға деген құрмет пен алғыс сезімін білдіру, әйел-ананың қоғамдағы рөлін дәріптеу, оқушылардың адамгершілік және рухани құндылықтарын дамыту. Мерекелік кеш барысында оқушылар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер оқып, ән айтып, сахналық көріністер қойды. Іс-шара өте әсерлі әрі мазмұнды өтіп, көрермендерге
Аналар арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир
05
март
2026
Аналар арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир
2026 жылдың 5 наурыз күні 1–11 сынып оқушыларының аналары арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир ұйымдастырылып өткізілді. Турнир барысында қатысушылар Тоғызқұмалақ, Шахмат және Шашки ойындары бойынша өзара бақ сынасты. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, аналардың белсенділігін арттыру, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Турнир барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Аналар өздерінің
«Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі
05
март
2026
«Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі
«Шабыт» жобасы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында «Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі және байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана мен ұстазға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың қоғамдағы ерекше орнын дәріптеу. Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, ана мен ұстаздың мейірімі мен еңбегін бейнелейтін мазмұнды әрі көркем плакаттар дайындады. Қатысушылар өз ойларын сурет
🏆 Құттықтаймыз!
04
март
2026
🏆 Құттықтаймыз!
            2010–2011 ж.т. қыздар арасындағы жеке клубтар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының іріктеу турнирінде жүлделі ІІ орын иеленгені үшін Алтынбек Жансая дипломмен марапатталды! 👏✨ Бұл – табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Жансаяға алдағы жарыстарда да толағай табыс, биік белестер мен жеңісті күндер тілейміз! 💐🥇   Жарайсың, чемпион! 💪🔥
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
03
март
2026
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
Кәсібіи бағдар беруші Дүйсенова Бибіпатыма Бақытқызы 9 «Ә» сынып оқушыларымен Алматы құрылыс-техникалық колледжі және Алматы технологиялық колледжі оқу орындарына барып қайтты.      Оқушылар колледждердің мамандықтарымен танысып, заманауи зертханалар мен шеберханаларды көріп, болашақ кәсібі туралы нақты түсінік алды. Әр мамандықтың қыр-сырымен танысып, сұрақтарына жауап алып, өз армандарына бір қадам жақындай түсті. Мақсат — дұрыс таңдау, нық қадам, жарқын болашақ. Білімді ұрпақ – ел болашағы!
STOP-СТАЛКИНГ қалалық форумы
02
март
2026
STOP-СТАЛКИНГ қалалық форумы
      02.03.2026ж. Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастыруымен өткен STOP-СТАЛКИНГ қалалық форумына педагог-психолог Рәбина Қобланқызы қатысты.       Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру, оқушылар арасында сталкингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.       Форум барысында профилактикалық жұмыстарды жетілдіру, тәуекел топтарымен жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ білім беру
"Алғыс – ізгі ниет" тақырыбында сынып сағатты өтті
02
март
2026
"Алғыс – ізгі ниет" тақырыбында сынып сағатты өтті
2026 жылдың 2 наурыз күні 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды: «Алғыс – ізгі ниет» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «КӨМЕК» жобасы (10 минут) Құқықтық білім беру (10 минут) Сынып сағатының мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін арттыру, өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту және құқықтық сауаттылығын жетілдіру. «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында