Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ХАБАРЛАНДЫРУ
29
январь
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай « Жырлайды жүрек» атты 2-10 сынып оқушылары арасында байқау өтеді.  Байқаудың мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды
26
январь
2026
Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды
2026 жылдың 26 қаңтар күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» құндылығына байланысты тәрбиелік мәні зор тақырып қозғалып, оқушыларға қоғамдық тәртіптің маңызы мен жауапкершілік туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, 10 минут көлемінде қауіпсіздік сабағы өткізіліп, оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып сағаты аясында
«Заң – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі
24
январь
2026
«Заң – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі
Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 1–5 сынып оқушылары арасында «Заң – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Аталған көрмеде оқушылар өз қиялдары мен түсініктері арқылы әділдік, тәртіп, жауапкершілік, құқық пен міндет ұғымдарын бейнелеп, заңның қоғамдағы маңызын сурет арқылы жеткізе білді. Балалардың жұмыстары мазмұндылығымен, ой тереңдігімен және көркемдік шешімімен ерекшеленді.
«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
24
январь
2026
«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі
      Бүгін мектебімізде «Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында қазіргі заман талабына сай бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер қозғалды.        Кездесуді мектеп басшысы Мөлдір Үсенқызы жүргізіп, жиналыстың мақсаты мен күн тәртібін таныстырды. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Зәуре Молдасадыққызы  І жартыжылдықтың қорытындысы мен білім сапасына тоқталды.       Жиналыстың маңызды
«Заң және тәртіп» сынып сағаты
23
январь
2026
«Заң және тәртіп» сынып сағаты
2026 жылдың 19 қаңтар күні мектепте 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау, өзара сыйластықты қалыптастыру және буллингтің алдын алу болды. Аталған күні сынып сағаттары төмендегі тақырыптар аясында ұйымдастырылды: «Заң және тәртіп» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «КӨМЕК» жобасы (10 минут) Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE» (10 минут) Сынып сағаттары барысында оқушыларға
«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
23
январь
2026
«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі
2026 жылдың 23 қаңтар күні мектепте «Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды цифрлық орта жағдайында баланың білім алу ерекшеліктерімен, интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен және тәрбиелік бағыттағы өзекті мәселелермен таныстыру, сондай-ақ ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту болды. Жиын барысында баланың цифрлық сауаттылығы, интернеттегі
Қамқорлық жасау – адамгершіліктің асыл көрінісі
22
январь
2026
Қамқорлық жасау – адамгершіліктің асыл көрінісі
       «Адал азамат» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламалары негізінде жүзеге асырылып жатқан «Қамқор» жобасы аясында мектебіміздің 3–4 сынып оқушылары сынып жетекшілері мен ата-аналарының қатысуымен Шаңырақ қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасына ат салысты.         Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына мейірімділік, қамқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді адамгершілік құндылықтарды сіңіру. Оқушылар қарттармен жылы жүздесіп, ізгі тілектерін білдіріп, шағын концерттік бағдарлама
Ашық сабақ
22
январь
2026
Ашық сабақ
Қазақ тілі апталығы аясында Абдибай Айгерім 5 «А» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырып, белсенді түрде қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ашық сабақ мазмұнды, жүйелі және оқу мақсаттарына сай ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.