«Заң – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі
Мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 1–5 сынып оқушылары арасында «Заң – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Аталған көрмеде оқушылар өз қиялдары мен түсініктері арқылы әділдік, тәртіп, жауапкершілік, құқық пен міндет ұғымдарын бейнелеп, заңның қоғамдағы маңызын сурет арқылы жеткізе білді. Балалардың жұмыстары мазмұндылығымен, ой тереңдігімен және көркемдік шешімімен ерекшеленді.