Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тағылымды фильм – әсерлі кездесу
11
февраль
2026
Тағылымды фильм – әсерлі кездесу
Бүгін 2«В», 3 «А»,3«А», 4 «Ә» сынып оқушылары «Тастамашы, ана!» фильмін тамашалап, тәрбиеге толы күн болды. Фильм арқылы мейірім, анаға деген құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы терең ой түйді. Сонымен қатар, ақын, жазушы-журналист және аудармашы Саят Қамшыгермен кездесуде  ашық әңгіме өрбіп, балалар өз ойларын еркін жеткізді. Бұл жүздесу олардың көңілінде жарқын әсер қалдырып, тәрбиелік мәні зор сәттерге айналды. https://www.instagram.com/reel/DUqFVjVDCtZ/?igsh=MXFtNjE5NXpsMmJ0bQ==
“Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойын жеңімпазы
11
февраль
2026
“Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойын жеңімпазы
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына және Ауған соғысының  ардагерлерінің ерліктерін еске алуға орай “Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойындарының аудандық кезеңінде жалпы командалық есепте мектебіміздің командасы 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Жигитов Ералы Рахымбердиевич. Құттықтаймыз!