Оқушы жетістігі
2026 жылдың 25 ақпан күні қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында “Ана - өмірдің гүлі” атты қалалық ән байқауының аудандық кезеңін өткізді. Байқауға мектебіміздің 1-4 сыныптар арасынан 1 “Б” сынып оқушысы Балтабек Раяна мен 5-8 сынып арасынан 7 “А” сынып оқушысы Балтабек Айзере қатысты. Нәтижесінде екі оқушымыз да жүлделі 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!