Қайырымдылық – жүрек жылуы
2026 жылдың 18 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында 9 «Ә» сынып оқушыларының және ата-аналарының қатысуымен балалар үйіне қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық секілді адамгершілік құндылықтарды сіңіру, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау болды. Шара барысында балаларға киім-кешек, тәттілер мен түрлі сыйлықтар табысталып,