Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!
30
апрель
2026
Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!
      «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты Халықтар достығы фестивалі өткізілді.       Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттар достығына, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу, әр халықтың мәдениеті мен өнерін құрметтеуге баулу болды. Фестиваль барысында сыныптар әртүрлі ұлттардың би өнерін жоғары деңгейде көрсетті: 5 «А»
1936 жыл жаңғырығы: ұлттық өнердің ұлы белесі
29
апрель
2026
1936 жыл жаңғырығы: ұлттық өнердің ұлы белесі
2026 жылдың 29 сәуір күні «Ұлы дала үні – Мәскеу төрінде: 1936 жылғы өнер мен әдебиет онкүндігінің тарихи тағылымы» атты қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – 1936 жылғы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеуде өткен алғашқы онкүндігінің тарихи-мәдени маңызын таныту, ұлттық өнер мен әдебиеттің құндылығын дәріптеу арқылы оқушылардың рухани-эстетикалық танымын кеңейту болды. Аталған шара ұлттық өнеріміздің биіктігін, мәдениетіміздің байлығын және рухани мұрамыздың мәңгілік құндылығын
Суды үнемде – болашақты сақта
28
апрель
2026
Суды үнемде – болашақты сақта
YouTube форматында «Суды үнемде – болашақты сақта» атты ауқымды жоба аясында суды тиімді пайдалану және үнемдеу тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, судың маңыздылығын түсіндіру және табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға тәрбиелеу болды. Жоба барысында оқушылар су ресурстарын сақтау туралы бейнероликтер дайындап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар суды үнемдеудің жолдары талқыланып, қоршаған ортаға деген
Жас боксшының республикалық турнирдегі жеңісі
27
апрель
2026
Жас боксшының республикалық турнирдегі жеңісі
Zhassulan бокс мектебінің тәрбиеленушісі, 4 «Б» сынып оқушысы Ерланұлы Нұрали 27 кг салмақ дәрежесінде өткен Республикалық ашық турнирге қатысып, жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі І орын иеленді. Аталған жетістік – оқушының табандылығы мен еңбегінің, жаттықтырушының кәсіби дайындығының нәтижесі болып табылады. Нұралиді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік спорттық белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!
«Жас өркен» – халықаралық байқау жеңімпазы!
27
апрель
2026
«Жас өркен» – халықаралық байқау жеңімпазы!
Дарынды балалар мен жастарға арналған «БАЛА ШАБЫТЫ» халықаралық конкурс жобасы аясында өткен байқауда мектебіміздің 3 «Б» сынып оқушыларынан құралған «Жас өркен» тобы жоғары нәтиже көрсетті. 10–12 жас санаты бойынша «Эстрадалық вокал» номинациясында өнер көрсеткен топ жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі – Асанова Гүлшат. Бұл жетістік – оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі мен жетекшінің кәсіби еңбегінің нәтижесі. Жас өнерпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық