Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ZOOM платформасы арқылы жер сілкінісі тақырыбында онлайн дәріс өтті
06
апрель
2026
ZOOM платформасы арқылы жер сілкінісі тақырыбында онлайн дәріс өтті
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының (ГНМЦНТО) тәрбие жұмысы бөлімі ұйымдастыруымен жоспарланған конференция аясында ZOOM платформасы арқылы жер сілкінісі тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға табиғи апаттардың бірі – жер сілкінісі туралы түсінік беру, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру және сақтық шараларын үйрету. Дәріс барысында жер сілкінісінің пайда болу себептері, оның
ALMATY BALAfest-2026 фестивалі
06
апрель
2026
ALMATY BALAfest-2026 фестивалі
Мектебіміздің 4 «А» сынып оқушысы Құдайбергенқызы Айғаным ALMATY BALAfest-2026 фестивалі аясында өткен «Жұлдызды сәт» байқауының аудандық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті. Айғаным «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, жүлделі І орын иеленді. Бұл – оқушының таланты мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының бағыт-бағдарының нәтижесі. Жас өнерпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
«Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында семинар
06
апрель
2026
«Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында семинар
    Бүгін мектебімізде 9-10-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында маңызды семинар өтті.   Семинар қонағы – Омарбек Көшкімбайұлы, SDU PhD докторанты, 16 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог, GRANT EXPERT, мотиватор және коуч.   Кездесу барысында оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау, ҰБТ-ға дайындық, грантқа түсу мүмкіндіктері, заманауи талаптар мен лайфхактар туралы құнды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары
06
апрель
2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру
Әуезов ауданының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы Акимова Мадина Серікқызы  9-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, сыныптағы және мектеп аумағындағы тәртіпті бұзбау, бөгде заттар алып келмеу, бір-біріне құрметпен қарау сияқты маңызды талаптар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, инспектор оқушыларға кибербуллинг,
Таза қала, қауіпсіз орта, еңбекқор ұрпақ
06
апрель
2026
Таза қала, қауіпсіз орта, еңбекқор ұрпақ
      2026 жылдың 6 сәуір күні 1–10 сынып оқушыларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Сынып сағаттары келесі бағыттар бойынша жүргізілді: «Еңбекқор ұрпақ – жарқын болашақ»  Қауіпсіздік сабағы (10 минут)  «Алматы – таза қала» бағдарламасы (10 минут)  «Жол қауіпсіздігі» (10 минут)  Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға
Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныбы
06
апрель
2026
Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныбы
      Көркем еңбек пәні аясында мұғалімдер арасында «Парафиннен сәндік гүл жасау» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Шара барысында қатысушылар парафинмен жұмыс істеу техникасымен танысып, өз қолдарымен ерекше сәндік гүлдер жасап көрді. Әріптестер шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жаңа идеялармен бөлісті. Бұл шеберлік сыныбы тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және қолөнерге деген қызығушылықты арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Ұйымдастырушы: көркем еңбек пәні мұғалімі Битеева А.Н.