Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойын жеңімпазы
11
февраль
2026
“Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойын жеңімпазы
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына және Ауған соғысының  ардагерлерінің ерліктерін еске алуға орай “Жас мерген 2026” әскери-спорттық ойындарының аудандық кезеңінде жалпы командалық есепте мектебіміздің командасы 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Жигитов Ералы Рахымбердиевич. Құттықтаймыз!
Шын жүректен кітап сыйла
10
февраль
2026
Шын жүректен кітап сыйла
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектебімізде «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар мектеп кітапханасының қорын толықтыру мақсатында өздері оқыған қызықты кітаптарын сыйға тартты. Бұл – білімге деген құрметтің, кітапқа деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сыйға берілген әрбір кітап – болашақ оқырманға жол тартқан рухани қазына. Кітапханаға жасалған әрбір сый – өскелең ұрпақтың білім алуына қосылған үлес! ✨
“Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны”
09
февраль
2026
“Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны”
Бүгін мектебімізде жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Бұл онкүндік – зерттеу, ізденіс, жаңашыл ой мен ғылыми жаңалықтарға толы ерекше кезең. 📊 Математика – логика мен дәлдіктің, 🧪 Химия – тәжірибе мен жаңалықтың, 🧬 Биология – өмір құпиясының, 🌍 География – кеңістікті танудың, 🔭 Физика – заңдылық пен инновацияның кілті, 💻 Информатика – цифрлық сауаттылық, алгоритмдік ойлау мен болашақ технологиялардың негізі. Алдағы күндері оқушыларымызды танымдық
«Жырлайды жүрек» атты поэзиялық-ән байқауы
09
февраль
2026
«Жырлайды жүрек» атты поэзиялық-ән байқауы
2026 жылдың 9 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебімізде 1–10 сынып оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық-ән байқауы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Байқау екі номинация бойынша өтті. І кезең — «Айтып өткен ақында арман бар ма?» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу номинациясы. Бұл кезеңде қатысушылар ақын шығармаларын көркемдік талғаммен, жоғары шеберлікпен орындап, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. ІІ
Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі
09
февраль
2026
Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі
   2026 жылдың 9 ақпан күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі тақырыбы — «Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі».      Сынып сағаты барысында оқушылар ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның поэзиясындағы ұлттық рух, адамгершілік құндылықтар мен жаңашыл көзқарастар туралы мағлұмат алды. Ақын өлеңдері мәнерлеп оқылып, мазмұнды талдау жүргізілді.
Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқудан қалалық көркемсөз оқу байқауының Бас жүлдегері
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқудан қалалық көркемсөз оқу байқауының
09.02.2026 ж. ШЖҚ "Оқушылар сарайы" МКК ұйымдастырумен “Жырлайды жүрек!” атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқудан қалалық көркемсөз оқу байқауының І-топ (9-11 жас) бойынша мектебіміздің   6 "Б" сынып оқушысы қатысып, Бас жүлде 🏆 иеленді.  Пән мұғалімі: Ғабитқызы Г. Құттықтаймыз!
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан қалалық байқау жеңімпазы
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан қалалық байқау жеңімпазы
09.02.2026 ж. ШЖҚ "Оқушылар сарайы" МКК ұйымдастырумен “Жырлайды жүрек!” атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан өткен қалалық көркемсөз байқауының  ІІІ-тобы (15-16 жас) бойынша мектебіміздің   10 "Ә" сынып оқушысы Болат Жұлдыз қатысып, ІІ-орынды иеленді.  Пән мұғалімі: Боранкулова М.К. Құттықтаймыз!