Ғылымның шыңына алғашқы қадам!
3-сынып оқушысы үшін қалалық деңгейдегі үлкен додада жүлде алу — нағыз еңбек пен табандылықтың, ізденіс пен білімге деген құштарлықтың нәтижесі. «Зерде» конкурсының «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша қатысқан 3 «А» сынып оқушысы Нұрбек Алан қалалық кезеңде ІІ орын жүлдегері атанды! Бұл жетістік — тек марапат қана емес, бұл — қоршаған ортаны қорғауға, адам денсаулығы мен психологиясын терең түсінуге деген қызығушылықтың айқын дәлелі. Осындай жетістікке жету жолында аянбай еңбек