Сынып сағаты
Мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бағытталған сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шаралар «Адал азамат», жеке қауіпсіздік, «Алматы – таза қала» және кәсіптік бағдар беру бағыттары аясында жүргізілді. «Адал азамат» бағыты бойынша 1–7 сыныптарда Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл, 8–10 сыныптарда Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 128 жыл тақырыптары қамтылып, 11 сыныптарда «Ата заң – мемлекет тірегі»